Оралда Қазақстан-Ресей XXI өңіраралық форумы басталды
Оралда Қазақстан-Ресей XXI (жиырма бірінші) өңіраралық форумы басталды.
Биылғы басқосу жұмысшы мамандықтар тақырыбына арналып отыр. Оның аясында бірнеше шара өтеді. Атап айтсақ, колледждер мен кәсіпорындардың ынтымақтастық көрмесі, жастар форумы, Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінің X (оныншы) отырысын өткізу жоспарланған. Ал, ертең, Өңіраралық форумның пленарлық отырысы өтеді. Оған Қазақстан мен Ресей президенттері Мәскеуден тікелей байланыс арқылы қатысады. Коммерциялық құжаттарға да қойылуы күтіліп отыр. Айта кетейік, Ресей Президенті Владимир Путин былтыр дәл осы қараша айында Астанаға мемлекеттік сапармен келген еді. Тарихи мәнге ие ол сапар аясында серіктестікті кеңейтуге жол ашатын маңызды құжаттар пакеті қабылданды.