Қазақстан мен Қытай шекарасында 1500 жүк көлігі кептелісте тұр

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Нұр жолы» кеден бекетінде 1500 жүк көлігі кезекте тұрып қалды.

Жүргізушілер әлеуметтік желіде кезектің баяу жылжып жатқанын, кейбір көліктердің бірнеше тәулік бойы қаңтарылып қалған. Өткен айдың соңында Үрімшіде өткен ресми екіжақты кездесуде Қытай тарапы бұл өткел арқылы тәулігіне 800 жүк көлігін қабылдап, кейін біртіндеп 1000-ға дейін арттыруға дайын екенін мәлімдеген. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті электронды кезек жүйесіндегі лимиттерді арттырған. Енді ұзын-сонар кезек Қытайдың жүк қабылдау көлемін 700 көлікке дейін төмендетуден туындап отыр. Ал соңғы күндері бұл көрсеткіш 650 көліккке дейін қысқарған.

Азамат Алдабергенов, Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

- Жиналған автокөліктерге қатысты электрондық кезектерінің, 72 сағатқа дейін мерзімі ұзартылған болатын. Сонымен қатар кеден басшыларына, «Нұр жол» басшылары мен тасымалдаушыларға, көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ бұл жағдай «Мемлекеттік кірістер комитетімен» тұрақты түрде бақылауға алынды.