Шымкентте жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Шымкентте жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді. Еңбек мобильділігі орталығының мәліметі бойынша, бүгінде бұл көрсеткіш 4,7% төңірегінде. Оң динамиканы сақтау және жұмыс іздеп жүргендердің екі қолға бір күрек табуына жәрдемдесу үшін қалада кең ауқымды жұмыс жәрмеңкесі өтті. 

Шымкенттегі ауқымды еңбек жәрмеңкесінде шамамен екі мың бос жұмыс орны ұсынылды. Ең сұранысқа ие мамандықтардың қатарында мұғалімдер, инженерлер, агрономдар, сондай-ақ құрылыс саласының мамандары бар.

Жұлдыз Асқарова, тренинг-менеджер:

- Қонақүй бизнесіне қызығушылық танытқандар көп. Біз өз тарапымыздан үйретеміз. Ең бастысы, адамдармен қарым-қатынас жасай алуы керек. Әрі шет тілдерді меңгергені абзал.

Жәрмеңкеде мемлекеттік гранттардың нәтижесінде жүзеге асырылған шағын бизнес жобалар да ұсынылды. Калина Медеуова көркем гимнастикаға арналған костюмдер тігіп, өз ісін дамытып, жаңа қызметкерлерді жұмысқа алуды жоспарлап отыр.

Калина Медеуова, кәсіпкер:

- Өте жақсы қолдау болды, біз арнайы жабдық сатып алдық. Бүгін бір қызметкерді жұмысқа қабылдадым, алдағы уақытта тағы жұмысшылар керек болады.

Шымкентте жаңа өндіріс ошақтары ашылып, жұмыспен қамтуды қолдау жөніндегі бағдарламалар көбейіп келеді. Жұмысшы мамандықтар жылы мамандарды даярлауға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге баса мән берілуде.

Бағдат Арқабаев, Шымкент қаласы еңбек мобильділігі орталығының директоры:

- Осы жәрмеңкеге 350 жұмыс берушіден 1600 тұрақты жұмыс орындары және 2 мыңға жуық уақытша жұмыс орындары ұсынылып жатыр. Биылғы жылы мұнай үлкен қала деңгейіндегі жәрмеңкеміз төртінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейін үш рет өткізілген. Әр тоқсанда бір рет өткізіледі.

Барлық бос жұмыс орындары еңбек.кз сайтында жарияланған. Жәрмеңкеде мамандар онлайн-түйіндемені қалай дұрыс жасау керектігін, жұмыс берушімен тікелей байланыс орнату әдістерін көрсетті. Жұмыс іздегендердің дені 30 бен 50 жас аралығындағы мамандар. 

Авторлары: Достық Талғатұлы, Нұрмахан Бекмұратов