Алматыда қала ішіндегі қозғалыс күрделене түсті
Алматыда соңғы жылдары халық саны айтарлықтай көбейіп, қала ішіндегі қозғалыс күрделене түсті. Кептеліс тек жұмыс және демалыс күндері де сезіліп отыр.
Қазір мегаполиске сырттан 500 мың көлік кіреді. Бүгінгі Мәжіліс отырысында депутат Данияр Қасқарауов Алматы айналасындағы елді-мекендерде болатын кептеліс мәселесін көтерді. Халық қалаулысы Алматының орталық күрежолы саналатын Абай даңғылын Қаскелең қаласына дейін ұзарту керек деп есептейді.
Сонымен қатар Үлкен Алматы айналма жолынан Ұзынағашқа дейін тағы бір қосымша жол салуды ұсынды. «Бұл Қытайдан шыққан жүк көліктерінің кептеліссіз қаланы айналып өтуге мүмкіндік береді», - дейді депутат. Ал Сайын көшесін Алматы-Астана тасжолына дейін жеткізуді қажет етеді.
Данияр Қасқарауов, ҚР Мәжіліс депутаты:
- Үлкен Алматы айналма жолынан Ұзынағашқа дейін тағы бір қосымша жол салу керек. Ол Қытайдан шыққан жүк көліктерінің кептеліссіз Алматыны айналып өтуіне мүмкіндік береді. Бұл трасса түсетін жер телімдері жекеменшікке сатылмаған. Болашақ жол құрылысы үшін жергілікті әкімдіктің балансында тұр. Тек жоба дайындап, құрылысты қазір-ақ бастап кетуге мүмкіндік.