Алматыдан Астанаға бет алған жолаушылар ұшағы шұғыл түрде қайта қонды

Бүгін таңертең Алматыдан Астанаға бет алған Air Astana әуе компаниясының ұшағы шұғыл түрде Алматы әуежайына қайта қонды.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақ бортында түтін шығып, экипаж сағат 7.38-де MAYDAY апаттық дабылын жариялаған. Артынша 7.40-та  ұшақ Алматы әуежайына сәтті қонды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әуежайдың өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметі жұмылдырылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ. Рейс жолаушыларына сусындар мен  ұсынылды. Осы жағдай бойынша техникалық тексеру жүргізіледі, - деп хабарлады компаияның баспасөз қызметі. Ал жолаушыларға басқа борт берілді.