Қызылорда облысындағы ауылдарда өрт сөндіру бекеттері ашылды
Қызылорда облысындағы шалғай ауылдарда өрт сөндіру бекеттері ашылды.
Қазалы ауданының Ақсуат және Жаңақорған ауданындағы Қандөз елді мекендеріндегі бұл нысандар «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында салынды. Ақсуаттағы бекет алты елді мекенге қызмет көрсетеді. Онда 1800-ден астам тұрғын бар. Қандөздегі бөлімше де көршілес ауылдарға жедел көмек береді. Нысандар заманауи техникамен толық қамтылған. Бұл төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Тұрғындардың қауіпсіздігі артады, дейді мамандар.
Алтынбек Қалиев, Қазалы ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы:
- Қазіргі таңда мұнда жұмыс жасайтын қызметкерлерінің штаттары аудан әкімдігімен шешілді. Жалпы 1 жүргізуші, үш өрт сөндіруші штатымен толықтырылып, қазір жұмыс жасауға дайын.