Полицейлер жүргізушілерге ескерту жасады
Қарағанды облысында ауа райы құбылып, жаңбыр аралас қар жауып тұр.
Осыған байланысты полицейлер жолдарда күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бүгін көктайғақ салдарынан жолдар жабылып, 2 мың көлік қауіпсіз жерге жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір барлық бағытта 80 экипаж бен 160 полицей кезекшілік етеді.
Медет Нұрмұханов, Патрульдік полиция батальонының командирі:
- Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Қарағанды облысынан барлық бағыттары бойынша жол жабық. Жолдың көктайғақ болуы себебінен қазіргі таңда ілестіріп алу шараларын жүргізіп жатырмыз.