Атырау облысында 16 мың жұмыс орны ашылды
Былтыр Атырау облысында 16 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Жұмыссыздар тізімінде тұрғандар жергілікті кәсіпорындардың сұранысы бойынша, еңбекке араласа бастады.
Сондай-ақ әлеуметтік осал топқа жататын 291 адам 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз грант алып, кәсібін ашты. Биыл облыста «Атырау арнайы экономикалық аймағы құрылады. Жаңа жоба іске қосылған кезде тағы 2500 жұмыс орны ашылады.
Зауыт қоймашысы Қадіржан Құспантаевтың негізгі міндеті – өндіріске қажетті құрал-саймандарды қабылдап алып, цехтарға жеткізу. Бұрын мұнай-газ кенішінде еңбек еткен. Жұмыс орны жабылғаннан кейін, «мансап» орталығы арқылы жаңасын тапты. Бұл жұмысыма да үйрендім дейді.
Қадіржан Құспантаев , жұмысшы:
- Жұмыссыздыққа осы биыл, 2025-тің алтыншы айынан бастап жұмыссыз қалып қойдым. Қысқарту болып, жұмыссыздыққа тұрып, онан әрі қарай 5 айдай жұмыссыз жаттым. Осы қараша айының 11-нен бастап осы жерге орналасып, екі ай болды осында жұмыс жасап жатырмын.
Атырау вагон құрастыру зауыты жыл басынан бері қарай «Мансап» орталығы арқылы 70-тен астам адамды жұмысақ алды. Жергілікті биліктің қолдауы арақасында осындай іргелі өндіріс орындарымен меморандум негізінде 3 жылда 200 ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтыған. Олардың алды жаңа мамандықты игеріп қоймай, кейінгілерге нұсқаушы болып жүр.
Мейрамгүл Айдарәлиев, дәнекерлеуші:
- Бұл мекемеге мен алдымен жұмыссыздық арқылы үш айлық дәнекерлеруші маман курсын оқып алғанмын. Қазіргі таңда осы жерде дәнекерлеуші-нұсқаушы ретінде жұмыс жасаймын. Алтыншы санатты дәнекерлеушімін. Біз вагон шығарып жатырмыз. Қазіргі мына жерде біздер деген қабырғасын құрастырып жатырмыз. Қазіргі таңда дәнекерлеуші мамандар өте көп. Ең басында жұмысқа келгенде қолдары шамалы болатын. Қазір үйреніп кетті.
Аталған кәспорын келесі жылы тағы 100 адамды жұмысқа алады. Себебі өндіріс көлемі ұлғайған сайын жергілікті кадрлерге сұраныс артып келеді.
Әлия Балиянова, жұмысқа қабылдау бөлімінің бас маманы:
- Ол мамандықтар: дәнекерлеуші, слесарь сборка металлоконстуркций именно, вагон құрастырушы слесарьлар және ЧПУ операторы бойынша жонушы деген бізде станоктар бар, сондай арнайы станоктарға жонушы керек болады және матаушы, краншы, жүргізушілер қажет болады.
2025 жылы бизнес бастаған Мақат кентінің тұрғыны, көп балалы ана Арай Мұратова мемлекеттік қайтарымсыз гранттың арқасында шағын цехты іске қосты. Мұнда ет және құс етінен жартылай дайын өнімдер шығарылады. Өтімі жаман емес. Қазір Арай аудан орталығынан клиенттер тауып үлгерді.
Арай Мұратова, грант иегері:
- Қазіргі таңда сегіз дүкенді өз өніміммен қамтамасыз етіп отырмын. Алдағы уақытта халықтың көңілінен шығып, алда үлкен мақсатым тағы да цехтар, дүкендер ашу. Қазір мен жұмыссыздықтың жанынан екі адам алып отырмын. Тағы да алдағы уақытта алам, әлі де көбейтемін.
Өңірде өзін-өзі жұмыспен қамту мақсатында 291 адам жаңа бизнес идеясын іске асыру үшін 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 1,573 млн теңге қайтармсыз грант алып, бизнес бастады.
Полымбет Хасанов, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшсы:
- Оның 88-і әртүрлі құралдарды, 172 адам технологиялық жабдықтар, 29 тұлға мал, құс ұстауға және екі адамға ғимараттарды жалға алу мақсатында берілді. Грант алушылардың 212-сі көп балалы ана, 8-атаулы әлеуметтік көмек алушылар, 33 мүгедектігі бар адамдар, және 6 адам асырушылсынан айырылғандар.
Ал биыл өңірде «Атырау арнайы экономикалық аймағы» құрылады. Құны 320 млрд теңгені құрайтын жоба 10 жылға есептелген. Ол өңірде бәсекеге қабілетті өндірістердің жедел дамуына ықпал етеді. Атап айтқанда мұнай-газ химиясы кешеніне жаңа инвестиция тарту арқылы заманауи технологияларды енгізу, тұрғын халықты тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған. Арнайы экономикалық аймаққа 70 компания қатысуға ниет білдіріп отыр. Нәтижесінде жаңадан 2500 жұмыс орны ашылып, өндірістегі қазақстандық үлес 85%-ға артатын болады.
Авторлары: Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин