ШҚО-да өрт сөндіру депосы жаңғыртылды
Шығыс Қазақстан облысының шалғайындағы Марқакөл ауылында өрт сөндіру депосы күрделі жөндеуден өтті. Құтқарушыларға жаңа техника мен арнайы киім берілді.
Байланыс құралдары жаңартылды. Одан бөлек, жас мамандарға арналған оқу және жаттығу сыныбы жабдықталды. Марқакөл ауылындағы өрт сөндіру бөлімі 8 мыңнан астам адам тұратын 20 елдімекенге қызмет көрсетеді. Өрттің алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында үйлерге дабыл қондырғылары орнатылды. Жалпы ел бойынша өрт сөндіру бөлімдерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Былтыр шалғай ауылдарда 150-ден астам өрт сөндіру пункті ашылды.
Тілек Мұқанов, Өрт сөндіру бөлімінің бастығы:
- Өрт сөндіру бөлімі өрт қауіпсіздігін сақтауға өте маңызы зор. Жаңадан техникалар беріліп жатыр. Бұл жаңадан берілген техникалар өрт қауіпсіздігін сақтауға жедел әрекет етуге оң нәтиже береді деп сенемін.