Шымкенттіктер қаланың шеткі аумағын қоқыстан тазартты

Шымкенттіктер «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді атсалысып келеді. Бүгін «Жиделі» шағын ауданының тұрғындары коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп тазалық жұмыстарын жүргізді. 

Мұнда қураған ағаштар мен қоқыс жиналып, жаяу жүргіншілер жолы тазартылды. «Жиделі» шағынауданы экологиялық белсенділігімен ғана емес, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануымен де ерекшеленеді. Ішімдіктен бас тартқан шағын ауданда қазір 4 мыңға тарта тұрғын бар. Олар үшін экоакцияға қатысу – науқан емес, экологиялық мәдениетті қалыптастырып, жастарға үлгі көрсету. 

Орынша Тәжібаева, қала тұрғыны:

- Тазалықтың адам өміріне көп көмектесетіні – аурудан сақтайды, еліміздің көркеюіне, дамуына, жастарымызға үлгі, өсиет, насихат қалдыруымызға, таза боп тұруымызға, адамның өмірінің кепілі ғой. Тазалықты өзімізге дәстүр қылып алғанбыз. Бізде бұл айына 3-4 рет өтіп тұрады.