Арыста қар қалың түсті
Алты ай қыс Арқа, солтүстік тұрмақ оңтүстікте де жағдай оңай емес.
Арыс қаласының учаскелік инспекторлары жолда қалған ерлі-зайыптының көлігін қардан итеріп шығарды. Ақ ұлпа бұл жақта да алапты алып жатыр. Кей жерде тізеден қар түскен. Сондықтан далада жүргендер абай болуға тиіс. Өйткені байланыс жоқ. Жол жөнекей біреу кезікпесе көмек келуі екіталай.