Павлодар облысында цифрлық пробация жүйесі қолданысқа енгізілді
Павлодар облысында пробация қызметінің дәстүрлі жұмыс тәсілдері біртіндеп заманауи IT-шешімдерге негізделіп келеді. Өңірде цифрлық пробация жүйесі қолданысқа енгізілді.
Мамандардың айтуынша бұл әдіс бюрократиялық процестерді жеңілдетіп қана қоймай, сотталғандарды бақылауды анағұрлым тиімді етеді. Осының нәтижесінде қылмыс жасағандардың қайтадан құқық бұзу деңгейін 67 пайызға төмендеткен.
Шартты түрде сотталғандар, бас бостандығы шектелгендер және мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандар айына бірнеше рет пробация қызметіне келіп тіркелуге міндетті. Қазір мұның бәрі едәуір жеңілдеді. Есепте тұрғандардың ұялы телефондарына арнайы қосымша орнатылған. Пробация қызметкерлеріне олардың әр қадамын тәулік бойы онлайн режимде бақылайды. Видеоқоңырау арқылы есепте тұрғандармен жедел байланысқа шыға алады.
Пробациялық есепте тұрғандардың көбі жұмыспен қамтылған. Сондықтан цифрлық формат олардың уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Пробация Есебіндегі, тұлға:
- Жаңа формат пробация инспекторлары үшін де, сондай-ақ біз, сотталғандар үшін де ыңғайлы. Пробация қызметіне бармай-ақ хабарлама жіберуге болады, сондай-ақ кейбір мәселелерді қашықтан шешуге мүмкіндік береді.
Ақсу қаласының пробация қызметінде 107 адам есепте тұр. Олардың бәрі цифрлық қосымшаны пайдаланады.
Олжас Қалымов, Ақсу қаласы пробация қызметінің бастығы:
- Қазіргі уақытта жасанды интеллект арқылы біздің сотталған басқа облысқа шыққан жағдайда, Face ID арқылы оның қандай мекенжайда жүргені туралы автоматты түрде хабарландыру келеді.
Мобильді технологияларды қолдану көшпелі тексерістердің санын едәуір қысқартып, қызмет уақытын және ресурстарды оңтайландыруға көмектеседі. Сонымен қатар сотталғандардың мінез-құлқына тұрақты әрі ашық бақылау қамтамасыз етіледі.
Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Дәулет Қошқарбаев, Марат Игіліков