Өскеменді көк түтін басты
Өскеменді тағы көк түтін басты. Бір аптадан бері сейілмей тұр. Ауа ластанғаннан кейін мектептер қашықтан оқытып жатыр.
Ірі зауыттар өндіріс қуатын 30-40 пайызға төмендетті. Алайда бірнеше күннен бері қаланы тұмшалаған түтіннің тарайтын түрі жоқ, - дейді мамандар. Экологтар ауа құрамын тексерді. Көміртек мөлшері нормадан екі есе, ал күкіртсутек 1,5 есеге көбейіп кеткен. Болжам бойынша, автокөліктер мен жеке сектордағы үйлерден шыққан түтін атмосфераны ластап жатыр. Әсіресе желсіз, тынық күндері түтін сейілмей, тұрып алады.
Фархат Кінасылов, облыстық Экология департаментінің бөлім басшысы:
- Ең бірінші автокөліктер, өнеркәсіптік кәсіпорындар және де жеке пешпен жылытатын жеке сектор ықпал етеді. Себебі қыстың күні көмір немесе отын жанған кезде оның ұсақ дисперсті қалқымалы бөлшектері ауада ұзақ уақыт сақталады,сондықтан ол да бірталай әсерін тигізеді.