ШҚО-да жол сапасы жасанды интеллектпен тексерілді
Шығыс Қазақстан облысында жасанды интеллект көмегімен мың шақырымға жуық жол қабатына диагностика жасалды.
Жол сапасын бақылайтын мамандар енді белгілі бір жол бөлігіндегі ақауды анықтау үшін оны сканерлеп жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін бағдарламаға жүктейді. Ақылды жүйе бар болғаны 3-4 сағат ішінде шұңқырлар мен жарықшақтарды, жол жиегінің мүжілуі секілді ақауды анықтап береді. Бұрын бұл іске көп уақыт жұмсалаып, бір топ маман тартылатын. Олар қажетті өлшемдерді өздері есептейтін дейді, мамандар. Сандық технология көмегімен өңір жолдарының паспорты да жасалады. Мұның барлығы автомобиль жолдары бойынша бірыңғай деректер базасын құруға дайындық,- дейді сала өкілдері.
Дархан Мұратбек, "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" ШҚО филиалының инженері:
- 10 км жолды өңдеп шығу үшін бізге бір күн уақыт кететін, яғни 8 сағат жұмыс уақыты кететін осы жасанды интеллект негіззінде жұмыс жасайтын программаны қолдану арқылы біз бұл уақытты 4-5 есе бізге қысқартуға мүмкіндік берді. Жұмыс өнімділігі артты және артық персоналды жұмылдыруға қажеттіліктен босадық,босаттық.