Қостанайда ауыл жастарына арналған семинар өтті

Қостанайда ауыл жастарына арналған республикалық семинар өтті. Оған елдің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық делегат қатысты.

Жиын барысында Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында атқарылатын іс-шаралар жайы сөз болды. Сала мамандары жастарға сандық сауаттылықтың маңызын түсіндіріп, тәжірибе бөлісті. Сондай-ақ семинарға қатысушылар Ата заң жобасы туралы пікір алмасты. Жастар елде жүріп жатқан конституциялық реформаға қолдау білдірді.

Ғалымжан Құсманғали, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:

- Конституциялық реформа болсын, Мемлекет басшысының жариялаған Цифрландыруы және ЖИ жылы да барлығы жастарға істеліп жатыр. Мұның ертең пайдасын, осының барлығының өзегінің ішінде жүретін жастар. Сондықтан жастарға осының маңыздылығын, конституциялық реформаның да маңыздылығын түсіндіру және дағдыларды үйрету бұл шараның негізгі мақсаты.