Ауыл бизнесін өрістетуге 1,5 млрд теңге бөлінді 

Солтүстік Қазақстан облысына «Ауыл Аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен бір жарым млрд. теңге бөлінді. 

Енді бұл қаржы жергілікті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы үлестіріледі. Қазір мамандар 150-ге жуық жобаны қабылдады. Өтініш берген азаматтар егін және мал шаруашылығын, туризм және балық өңдеу салаларын дамытуды көздеп отыр. Биыл мемлекеттік бағдарламаға бірқатар өзгеріс енгізілді. Бұдан былай төменпайыздық несие ғимараттарды салып жалға беруге, көтерме және бөлшектеп сату кәсібіне, жеңіл көліктер мен туыстарынан мал сатып алуға бөлінбейді.

Олеся Жуковень «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз хатшысы:

- Қазір 58 жоба қаржыландырылды. Бұл мақсатқа 600 млн. теңге берілді. «Ауыл Аманаты» бағдарламасына барлық ауданның тұрғындары белсенді қатысып жатыр. Енді жобалардың жүзеге асырылуын қадағалаймыз.