Президент Үкіметке жеке деректерді қорғауға ден қоюды тапсырды
Цифрлық трансформация кезеңінде ең алдымен жеке адамның мүддесіне нұқсан келуі мүмкін.
Сондықтан дербес деректердің сенімді қорғалуын қамтамасыз етуге айрықша назар аудару керек. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Мемлекет басшысы Үкіметке кибер-қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, азаматтардың деректерін қорғауды мұқият саралап, қарауды тапсырды. Бұдан бөлек цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесі Конституциялық деңгейде бекітіліп, айқындалуы керектігін атап өтті. Айта кетейік, Ұлттық антифрод-орталығы 90 мың азаматты алаяқтардың арбауынан сақтап қалды.