Семей көшелері көктайғаққа айналды. Live

Семейде түні бойы жауған жаңбыр қала көшелерін мұз айдынына айналдырып жібергендей.

Коммуналдық қызмет өкілдері жолдарды тазалап үлгермей жатыр. Қалада жол-көлік оқиғалары жиілеп, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындады. Ауа райына байланысты оқушылар онлайн форматқа ауысып жатыр.

Семейдегі 72-ші квартал ауданындамыз. Кеше түнімен қар аралас жаңбыр жауып таңға дейін тоқтамады. Салдарынан қала көшелері көктайғаққа айналды. Көлік қатынасы қиындап екі күнде 20-ға жуық жол көлік оқиғасы тіркелді. Ауыр жарақат алғандар жоқ. Қоғамдық көліктердің де жүрісі қиындады. Кешелі бері травматологиялық пунктке 60-тан астам адам түрлі дене жарақатымен түскен.

Ауа райының құбылуына байланысты оқушылар қашықтан оқыту форматына көшірілді. Өңірде бірқатар республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды. Синоптиктердің мәліметінше құбылмалы ауа райы әлі бірер күн сақталады. Қазір ТЖ қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мамандар тұрғындардан қауіпсіздік ережелерін сақтап, алыс жолға шықпауды сұрайды. Әрине, сақтықта қорлық жоқ. Осындай ауа райында бізде қала тұрғындарын аса мұқият болуға шақырамыз.