Сот практикасы туралы түсіндірме кітап жарық көрді
Жоғары соттың қылмыстық істер бойынша сот практикасы туралы нормативтік қаулыларына түсіндірме кітабы жарыққа шықты.
Оқырманға жол тартқан жаңа туынды төрт томнан тұрады. Мұнда сот төрелігінің жай-күйі, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, қылмыстық заңның кері күші туралы баяндалған. Жаза тағайындау мен тараптардың татуласу жағдайларына да түсініктеме берілген. Басылым әсіресе, еңбек жолын жаңа бастаған жас мамандарға бағдар құралы ретінде қолданылады. Оның ішінде судья, заңгер, прокурорларға арналған.
Әбдірашит Жүкенов, Әділеттің 3-сыныпты мемлекеттік кеңесшісі:
- Нағыз қылмыстық істер ішінен деректерді алып, соны көрсетіп жазып отырмын. Бұл неге керек? Мен өзім жас маман болғанда осындай түсініктемелерді іздейтінмін. Соны біліп, әдейі жазып отырмын. Біздің жас мамандарға тергеуші, адвокаттарға бұл өте керекті кітап. Оның ішінде нағыз мысалдарға, деректерге сүйеніп түсініктеме беріп отырмын.