Шымкентте егіздер мен үшемдер көбейді
Шымкентте бір ай ішінді 25 егіз дүниеге келді.
Екі әйел үшем босанған. Солардың бірі, яғни үшемнің анасы атанған Ақшолпан Сүлейменова кеше перинаталдық орталықтан үйіне шықты. Нәрестелерді отбасы Дәулет, Димаш, Диана деп атапты. Әрқайсысының салмағы екі келіден сәл ғана асады. Ақшолпанның өзі бұған дейін 4 баланы дүниеге әкелген. Енді отбасы «7 бала тәрбиелейтін болдық», деп, қуанып отыр. Жалпы қалада жыл басталғалы 2794 нәресте дүниеге келген.
Ақшолпан Сүлейменова, қала тұрғыны:
- Бірінші УЗИ-да бізге двойня деп айтты, яғни, егіздер деп. Сол кезде бірінші сенбедім, өйткені бізде жалпы генымызда, әулетімізде жоқ ондай мен жақта да, жолдасым жақта да. Сөйтіп кішкене күтейін деп ойладым. Сөйтіп 12 аптасында генетикке тапсырған кезде, сол жерде білдім мен үшем екенін. Бірінші айтқан кезде жылап қалдым енді, «өлә мен қалай қараймын оларға?» – деген сияқты. Кейіннен қабылдадым, жолдасыма айттым. Бәріміз қуанышты болдық.
Гүлбану Сыздықова, қалалық перинаталды орталықтың бас дәрігері:
- Қалалық мәслихаттың шешімімен жергілікті бюджеттен жылдан жылға жақсы-жақсы медициналық техника алынуда. Биылға біз неонатальный қызметті көтеру бағытында наркозно-дыхательный аппарат дейміз, монооксид азота дейміз, тағы да Т-система деген біраз медициналық техника алынды және де бізде неонаталды хирургия екі жылдан бері жұмыс жасауда. Қарқынды түрде 86 операция жасалынды.