Құрылыс саласындағы цифрлық реформа

Елде құрылыс саласын цифрлық реформалау басталады.

Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Алқа отырысында айтылды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қызмет көрсетудің бірыңғай цифрлық моделі енгізіледі. Smart Turmys платформасында халыққа арналған электрондық коммуналдық қызметтер іске қосылады. Бұдан бөлек су, жылу және электр энергиясын бақылайтын ақылды есептегіштер орнатылады. Биыл ұлттық жоба аясында шамамен 3 мың шақырым су бұру желілері және 5 мың шақырым су құбыры жаңартылады. Өнеркәсіп секторы кең ауқымды цифрландыруға көшеді. Геологиялық барлауда Big Data және жасанды зерде енгізіліп, деректердің кемінде 90 пайызы сандық форматқа ауысады. Биыл жалпы сомасы 1,7 трлн теңгені құрайтын 200-ге тарта жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл 20 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.