Сирек кітаптар сандық форматқа көшірілді

Шығыс Қазақстан облысында сирек кездесетін кітаптар қоры сандық форматқа көшіріліп жатыр.

Осы арқылы ондаған мың басылым, соның ішінде ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралары санатына енген кітаптар да көпке қолжетімді болды. Мәселен, тақырыптық сайттарға Қазақстанның 1701 жылғы алғашқы картасы жүктелген. Ешмұхамед Букиннің 1883 жылы жарық көрген қазақша-орысша сөздігімен де енді электронды түрде танысуға болады. Мемлекет басшысы 5-ші Ұлттық Құрылтайда кітапхана қорының жай-күйіне көңіл бөлуді тапсырған еді. Бұл тұрғыда жуырда Үкімет жанынан бағалау комиссиясы құрылмақ. Әзірге кітапханашылар көне кітаптардың сандық  нұсқаларын ғаламторда жариялап, оқырмандарға ұсынуда.

Перизат Нұралиева, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасының директоры:

- Мемлекет басшысы айтып өткендей, кітапхана мемлекеттің және ұлттың жады. Сондықтан да біз осы ұлттық құндылықтарымыздың бәрін сақтап, қазіргі қажеттілікке жарайтындай етіп және болашаққа жететіндей ететін қызмет түрін көрсетуге міндеттіміз.