Асханада тиісті талаптарды сақтамаған мектептерге айыппұл салынды
Былтырғы бірінші қыркүйектен бері елдегі 30-ға жуық мектеп асханасы толықтай тексерілді.
Оның 13-і жоспарлы, қалғаны жоспардан тыс негізде, дейді мамандар. Нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы 23 нұсқама беріліп, 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
29 мектеп тексерілді - 13 жоспарлы тексеру – 16 жоспардан тыс тексеру
23 анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама
₸6,7 млн айыппұл салынды
Аяулым Тасқынғали, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басқармасының бас сарапшысы:
- Мониторингтік қарап тексеру деген ұғым енгізілді. Яғни бізде қазіргі қолданыстағы кәсіпкерлік шеңберінде тек жоспарлы тексеруге барлық объектінің тек 5 пайызы ғана кіретін еді. Толықтай мектептерді, асханаларын тексере алмайтынбыз жоспарлы түрде. Ал енді жаңа талаптар бойынша осы мониторингтік барып тексеру арқылы жаңа оқу жылы алдында оған дайындығын, балаларды сауықтыру орындарын, лагерльлер дайындығын осы мониторинг арқылы тексере аламыз.