Атырау облысының дәрігерлері қызылшамен күресіп жатыр

Атырауда қызылша жұқтырғандар саны 300-ге жуықтады. Әсіресе 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің арасында көп. Дәрігерлер уақытылы екпе алмау салдарынан дерттің үдеп бара жатқанын айтып, дабыл қақты.

Үкіметте өткен кеңесте де Атырауда қызылша жұқтырғандар саны өзге өңірлермен салыстырғанда артып отырғаны айтылды. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда балалар жоспарлы вакцинамен толық қамтылған. Қазір 1 жастағы балаларды вакциналау деңгейі – 96,3%, ал 6 жастағылардың 95% екпе алған.

Нұрфия Қизатова, №2 облыстық аурухана директорының орынбасары:

- Қазіргі таңда Атырау облыстық ауруханасында 290 науқас ем алып жатыр. Ол аурулардың 90 пайызға жуығы ерте жастағы балалар. Науқастардың көпшілігі ЖРВИ мен емделуде және 81 науқас бүгінгі күні қызылша ауруымен ем қабылдауда. Жалпы, қызылша ауруының өсуі бізде 2024 жылы болды. Сонан кейін 25-ші жылы аурудың бәсеңдеуі анықталды. Бірақ осы қаңтар айынан бастап  қайта өршіп тұр.