Самар ауылында сапалы су жоқ

Шығыс Қазақстан облысындағы Самар ауылында ауызсу желісін жаңғырту жұмысы 8 жылдан бері бітер емес. Аудан орталығындағы ескі құбырлар әбден тозған. Желіде жиі ақау шығып, су ақпай қалады. Құрылысы ұзаққа созылған желі енді қашан іске қосылады?

Эльмира Ахметова, тілші:

-Самар ауданына 22 ауыл қарайды. Қазір  маңайдағы елді мекендердің барлығы  аузысумен қамтылды деуге болады. Соңғы рет Құлынжон, Көкжыра ауылдарына орталықтандырылған  су желісі тартылды. Тек осы аудан орталығы Самарда ғана бұл  мәселе созылып келеді. 6 500 адам тұратын ауыл  8 жылдан бері бір тоқтап,бір ағып әрең істеп тұрған ауызсу құбырына қарап отыр.

Ауылдағы су құбырын жаңарту жұмысы  2018 жылы басталды. Алайда жауаптылар: "Нысанды іске қосуға асығар емес" - дейді тұрғындар. Ескі құбырдан дұрыс су ақпайды. Сапасы да күмән тудырады. Надежда Мельникованың айтуынша,  суды белгілі бір уақытта береді. Үлгергендер үйдегі ыдыстың бәрін толтырып алады, қалғаны құдықтың суын тұтынуға мәжбүр.

Надежда Мельникова, ауыл тұрғыны:

- Таңғы 07:30-да су береді. Ары қарай біз жұмыста боламыз.Түсте су кейде болады, кейді болмайды. Содан соң кешкі 6 шамасында ағызып,түнгі 11де қайта өшіреді.Сондықтан алдын ала су жинап аламыз, оған үлгермесек құдығы бар көршілерден тасып ішеміз. Бәріміз сапалы әрі үздіксіз су ағып тұрса деп армандап келеміз.

Жаңа су құбырын тартуға бір емес, екі мердігер компания  жұмылдырылған.   Бірі құбыр желісінің, екіншісі су жинайтын тоғанның құрылысын жүргізген. Алайда тоған құрылысы созылып кеткен. Себебі қаржыландыру кешіккен. Бір-біріне тәуелді екі жоба қатар пайдалануға берілмегеннен кейін, желіні іске қосу мүмкін емес 8 жылға созылған құрылыс былтыр көктемде қайта жанданды. Биыл жазда аяқтаймыз- дейді жауаптылар.

Серік Жеңісов, Самар ауданының әкімі:

- 2025 жылдың аяғында су құбырын толығымен жасап бітірдік, одан соң сорғыларын, құбырларын жасап бітірдік. Енді қалған бір проблема – осы екі жобаны бір-біріне қосу. Үш км жерді біз бұйырса 3-4 айларда қосамыз, одан кейін халыққа айтып отырмыз, жаңа су құбырына барлық ауыл қосылуы керек.

Жалпы ауылдағы ауызсу желісін жаңғыртуға 2017-2023 жылдар аралығында 2 миллиард теңге бөлінген. Аз ақша емес. Тұрғындар болса таза, сапалы ауызсуды әлі күтіп жүр. Жергілікті биліктің мәліметінше, өңірдегі ауылдардың барлығына ауызсу желісі тартылған. Енді тек ескірген желілерді жаңғыртумен айналысамыз деп отыр.