Қызылшамен ауырғандар азаймай тұр
Алматыда қызылшамен ауырғандар саны азаймай отыр. Бұл туралы бүгін қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіның мамандары хабарлады.
Мәселен, былтыр ауру жұқтырған 460 науқас тіркелсе, биыл жыл басынан бері 482 жағдай есепке алынған. Ауру жұқтырғандардың 93 проценті балалар. Олардың басым бөлігі екпе алмаған. Бұл инфекцияның таралып, ауру ошақтарының көбеюіне тікелей әсер етеді, - деді Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова. Ауа арқылы тарайтын инфекция қаладағы 37 мектептің оқушыларынан, ересектерден, әскери қызметшілер мен жұмыссыз азаматтардан анықталған. Инфекция ошақтарының барлығында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді. Бұдан сақтанудың жалғыз жолы екпе салдыру. Айта кетейік, қазір Алматыда бұрын қызылшаға қарсы екпе алмаған 18 жасқа дейінгі балаларды қамтитын қосымша иммундау жалғасып жатыр.
Алмаш Ахметова, Алматы қ. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлім басшысы:
- Өте контагиозды инфекция. Ең бір қатерлісі қызылша ауруының асқынуы. Оның асқынуларға не жатады? Отит дейміз, құлақтың, орта құлақтың асқынуы. Ол кереңдікке әкелуі мүмкін. Конъюнктивит болады. Ең бір қиын асқынуы Энцефалит болып аталады. Бұл орталық нерв жүйесінің зақымдануы. Аурудың ауырып қалып артынан ұмытып кетеді. 5 жылдан кейін де осы асқынуы пайда болады. Ол қызылшамен ауырып кеткенін де ұмытып қалады.