ШҚО әкімінің орынбасарына қатысты тергеу басталды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру бастады.

Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растап отыр. Ресми мәліметте тек тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны жазылған, шенеунікке қатысты нақты қандай бұлтартпау шарасы тағайындалғаны айтылмады. Ведомство өкілдері өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайтынын мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне былтыр сәуір айында тағайындалған.