Еліміз әлеуметтік бағдар ұстанған мемлекет

Қазақстан - әлеуметтік бағдар ұсынған мемлекет. Елде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар соның бір көрінісі.

Яғни билік үшін бұқараның амандығы, тұрмыс сапасының жақсаруы және қауіпсіздігі басты назарда болады. Бұл - бұлжымас қағида және ол кез келген құрылымның өзегіне айналуға тиіс. Жаңа Ата заң жобасында осылай делінген. Бұған дейін де Мемлекет басшысы Түркістан газетіне берген сұхбатында әлеуметтік мемлекетке айналу жолындағы ілкімді бастамаларға тоқталды. Соның нәтижесінде денсаулық сақтау, білім-ғылым, жұмыспен қамту салаларында ауқымды реформа жүргізіліп, бұқараның әл-ауқатын арттыруға ден қойылады. 

Серік Бейсембаев, әлеуметтанушы:

- Әр адам мемлекеттің бір басымдығы болуы керек. Оның ішінде әлеуметтік аз қорғалған адам. Мысалы, көпбалалы адам, кедейшіліктің төменгі деңгейінде тұрған адам. Осы адамдардың әлеуметтік жағдайын мемлекет мойнына артып алу емес, осы жұмыстарды жүргізетін адамдардың азаматтардың мүддесі үшін жұмыс істеуі.