Қазақстандағы саяси реформалар өзбек қоғамының назарында

Қазақстандағы саяси реформалар Өзбекстан қоғамының да үнемі назарында.

Бауырлас елдің сарапшылары, қоғам белсенділері біздің елде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформаларға қатысты пікірлерін білдіріп, оң қадамдарға қатысты ойларын айтты.

Өзбекстандағы 131 мыңнан астам көрермені бар «Уақыт уз» ютуб арнасында Қазақстандағы конституциялық реформалар жайында бір сағаттық подкаст шықты. Саясаттанушылар Бекташ Бердиев пен Мухтор Назиров реформалар тек елге ғана емес, Орталық Азия үшін маңызды екенін сөз етті. Әрине, біл пікірдің жаны бар. Себебі Қазақстан Орталық Азияның локомотиві. Көш басындағы елдің экономикасы алға басса, өзгелердің де жағдайы жақсарады. Сарапшылар вице-Президент лауазымына қатысты, бір палаталы Парламент пен оның Құрылтай болып өзгеруіне де оң баға берді. Себебі «Құрылтай» түркі халықтарына ортақ ұғым. Ал Қазақстанның бірінші болып, Құрылтайды саяси сөздікке енгізуі батылдық, - деген ой айтты.

Мухтор Назиров, саясаттанушы:

- Конституциялық комиссяиның отырыстары ашық өтті. Халық өзінің ой пікірлерін жазбаша түрде, әлеуметтік желілер арқылы және мемлекеттік порталға жолдап отырды. Шыны керек, комиссия мұнша өтініштің келетінін күтпесе керек. Конституцияға бастапқыда жоспарланған өзгерістер мен толықтырулардың пайыздық мөлшері көбейіп, отырыс соңында 84 пайызға жетті. Меніңше, бұл халықтың пікіріне құлақ асқан ата заң болады.

Өзбекстандағы «Мано» зерттеулер орталығының директоры Бахтиер Эргашев, «Қазақстан билігі ағынға қарсы бет алды»-баға берді. Сарапшының сөзінше, «үнемі кітапта жазылған теорияны жасаудың қажеті жоқ. Өмірден алынған тәжірибе мен қазіргі жағдайларды ескере отырып, оң өзгерістерге ұмтылу дұрыс шешім. Қазақстанның бір палаталы жүйеге қызығушылық танытуы құптарлық іс. Себебі оның артықшылығы көп.Терреториясы ауқымды, ал халық саны 20 млн елге бұл жүйе өте тиімді болады, - дейді.

Бахтиер Эргашев, «Mano» зерттеулер орталығының директоры:

- Өткен жылдары жергілікті басқару органдарының жұмысын күшейту бағытында реформалар жүргізілді. Мұның барлығы аяси жүйені модернизациялау бағытында жасалып отыр-деп ойлаймын. Ол қазіргі әлемдік геосаяси жағдайларға лайық әрекет ете алатын, Қазақстанның алға қойған мақсаттарына қуат беретін саяси инструмент болуы тиіс.

Конституциялық реформа- билік тармақтарының кәсібилігін арттырып, Парламенттің ықпалын күшейтуге мүмкіндік береді. Өзбек саясаттанушылары Парламент консультативті кеңес мүшелерінің пікіріне құлақ асады - деген бастамаға да қызығушылық танытты. Себебі тәжірибелі сарапшылар мен депутаттар бірін-бірі шыңдай отыра, билік тармағының кәсібилігін арттырады. Жалпы айтқанда көрші елдің сарапшылары бұл бастамалардың барлығы халықтың игілігі жолында «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» формуласына толықтай сәйкес екенін қуаттап отыр.