Жезқазғанда ұстаздар Ата заңның жаңа жобасын талқылады

Сенат пен Мәжіліс депутаттары, жалпыұлттық коалиция мүшелері Жезқазған университетінің ұжымына жаңа Конституция жобасындағы негізгі басымдықтарды түсіндірді.

Кездесуге университеттің профессор-оқытушылары мен студенттер қатысты. Өзара пікір алмасу форматындағы шарада қайта жазылған құжатты қабылдаудың маңызы жайлы айтылды. Жаңа Конституция жобасының негізгі бөлімінде алғаш рет білім мен ғылымға қатысты норма енгізілді. «Бұл ұстаздар мен ғалымдар үшін, үлкен кепілдік әрі жауапкершілік», - дейді оқытушылар қауымы. Жалпыұлттық коалиция мүшелері сондай-ақ өңірдегі өзге де кәсіпорындарды аралап, еңбек адамдарына жасалып жатқан қолдаулар туралы айтты.

Асылбек Нұралин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Көптеген кәсіпорындарға барып, көптеген ұйымдарға барып жобаның нақты-нақты баптарымен таныстырып, халықтың арасында кездесулер болып жатыр. Мұғалімдермен, студенттермен кездесіп, ол кісілер де өздерінің ойларын айтып. Бүгінгі таңда халықтың арасында қолдау бар. Өздерінің сұрақтарын беріп жатқан жағдайлар да бар.