Ақтауда жаңа Конституцияның жобасы талқыланды
Маңғыстау облысының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері Конституцияның жаңа жобасы бойынша өтетін референдумға қатысуға дайын.
Ақтауда өткен басқосуда аймақтық коалиция мүшелері мен қоғам белсенділері жаңартылған Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылап, түзетулер бойынша өз пікірлерін білдірді. Қатысушылардың айтуынша, құжаттың шамамен 84 пайызы түзетілген. Әлеуметтік және гуманитарлық басымдықтардың ішінде білім беруге, ғылымды және инновацияны дамытуға ерекше назар аударылған. Қатысушылар сондай-ақ Ата заң жобасы адами капиталды нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғанын атап өтті.
Жібек Ахметова, "Азаматтық альянс" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті:
- Жаңа Конституция ол қажет. Себебі ол Қазақстан заманауи мемлекет болғандықтан басты заңымыз да ол қазіргі таңдағы заманға, қазіргі таңдағы технологияға сай болу керек. Конституцияны осылай халықпен талқылап, ұсыныстарды зарделеп, оны ең соңында шешімді референдум арқылы қабылдау бұл президенттің шешімі дұрыс деп есептеймін.