Күн райына байланысты жүргізушілерге ескерту жасалды

Мамандар Ақмола, Алматы, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Қарағанды, Павлодар және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қар мен боран күтілетінін ескертті.

Жүргізушілер жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтауға тиіс. Қажет ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығынан біле аласыздар.