Шығыс өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады

Фото: depositphotos.com

3 қарашада Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райы қолайсыз болады. Өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар күтіледі, деп хабарлайды «24KZ». 

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» компаниясы республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жолдың беті тайғақ болуы ықтимал екенін ескертеді.

Мамандар жүргізушілерді жолға шыққанда ауа райы жағдайын ескеруге шақырады. Қауіпсіз арақашықтықты сақтап, жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдау қажет. Сондай-ақ күрт маневр жасаудан бас тарту ұсынылады.

Сондай-ақ оқыңыз: