Мысырда виза бағасы қымбаттайды

1 наурыздан бастап Мысырға баратын шетелдік азаматтар үшін туристік виза құны 25 доллардан 30 долларға өседі. 

Жаңа тариф елге кіру кезінде барлық әуежайлар мен шекаралық бақылау бекеттерінде қолданылады. Билік бұл шешім туристік саланы жаңғыртуға бағытталған реформалардың бірі деп мәлімдеді. Қазір әуежай инфрақұрылымы жаңартылып, қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өзгеріс көктемгі туристік маусым қарсаңында енгізілмек.