Көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы. LIVE
Биыл жалпы егіс алаңы 23,8 млн гектар болады.
Көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы бүгін Үкіметте қаралып жатыр. Былтыр жол берілген олқылықтар сараланып, жауаптылардың ендігі әрекеті пысықталды. Сонымен биыл диқандарды қандай қолдау шаралары күтіп тұр?
Бұған дейін өңтүстік өңірлерде су тапшы болатыны айтылған еді. Суды көп қажет ететін егіс алқаптары тағы қаншаға қысқарады? Алдағы жоспар қандай?
Кәмшат Мұхамеджан, тілші:
- Ақпан аяқталуға жақын. Демек, көктем қыр астында. Қазір дала диқандарының алды саймандарын сайлап, техникаларын майлап егіс науқанына әзірліктерін бастап кеткен. Бүгінгі таңда өңірлердің мәліметі бойынша техниканың дайындық деңгейі шамамен 80%-ға жетіпті. Бұл көрсеткіш алдағы 1 айда егіс толық басталғанға дейін 100%-ға жетеді деп сендірді сала министрі. Айдарбек Сапаровтың ақпаратынша, биыл жалпы елдегі егіс алаңы шамамен 23,8 млн гектар болғалы тұр. Бұл өткен жылдан 180 мың гектарға көп.
Назгүл Хатепова, ҚР АШМ Егіншілік департаменті директоры