Volvo көліктерін кері қайтарып жатыр
Швед автомобиль өндірушісі Volvo Cars аккумуляторлардың қызып кету қаупіне байланысты 40 мыңнан астам электромобилін кері қайтарып жатыр.
Рейтер хабарлағандай, Volvo басшылығы ақауы бар құрылғыларды тегін ауыстыратынын жеткізді. Компания кем дегенде 200 миллион доллар шығынға ұшырауы мүмкін. Әзірге компания өкілдері темір тұлпарларды 70%-дан артық қуаттамауға кеңес береді. Сондай-ақ АҚШ, Австралия және Бразилия сынды бірқатар елде жүргізушілерді көлікті ғимараттардан алыс жерге қоюға шақырды. Осыдан кейін автоконцерн акциялары 4%-ға төмендеп кетті.