Алматыда «Көктем-2026» оқу-жаттығуы өтеді
Алматыда су тасқынының алдын алуға бағытталған «Көктем-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталады.
Алдымен «Баршаның назарына» дабылы қосылып, құлақтандыру жүйесі тексеріледі. Сирена дауысы естілгенде, теледидар мен радионы қосып, ресми ақпаратты тыңдау қажет. Аталған шара аясында қала маңындағы өзен арналары мен арықтар қардан тазартылады. Бүгінде қаладан шамамен 150 мың текше метр қар шығарылды.
Бекнұр Қалқабеков, Алматы қ. ТЖД Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау капитаны:
- «Баршаның назарына» дыбыстық сигналы баршаның назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы. Сигналды естіген жағдайда теледидарды немесе радиоқабылдағышты қосу, ресми интернет ресурстар мен мобильді қосымшадағы ақпаратты тексеру, берілетін ақпарат пен әрі қарайғы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтармен мүұият танысу қажет.