Еліміздегі тұрғын үй қорының жай-күйі

Елдегі тұрғын үй қорының қазіргі жағдайы.

Қазақстанда ұзын саны 60 мыңға жуық көп пәтерлі тұрғын үй бар. Оның ішінде сүрілуге тиіс деп танылғаны апатты үйдің саны мыңнан асады. 2626 тұрғын үй тозығы жеткендердің қатарында. Биыл мемлекеттік реновациялау бағдарламасы аясында 273 үйді сүру жоспарланып отыр. 

Қазақстандағы көп пәтерлі тұрғын үйлер

Жалпы саны:  59  806

Оның ішінде:

Апатты - 1  036

Тозығы жеткен - 2  626 

Биыл сүріледі:  273 

2023 -2029 жылдарға арналған тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасының аралық қорытындысына тоқталсақ. Алғашқы жылы 82 үй сүріліп, орнына 52 үй салынды. Сөйтіп 854 жеке меншік иесі жаңа баспанамен қамтылды. 2024 жылы бұзылған 115 үйдің орнына  жаңадан 94 үй тұрғызылды. Осылай мыңнан астам адам жаңа пәтерге ие болды. Ал былтыр 80 үй сүрсілсе, 45  жаңа үй тапсырылды. Нәтижесінде 2300-ге жуық адам жаңа баспанаға қол жеткізді.

Тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасының аралық қорытындысы

2023 жыл: 

Сүрілді: 82 үй

Салынды: 52 үй

Жаңа үймен қамтылды: 854 меншік иесі

2024 жыл:

Сүрілді: 115 үй

Салынды: 94 үй

Жаңа үймен қамтылды: 1141 меншік иесі

2025 жыл:

Сүрілді: 80 үй

Салынды: 45 үй

Жаңа үймен қамтылды: 2283 меншік иесі