Орталық Азияда құрғақшылық қаупі жоғары  

2028 жылы Әмудария мен Сырдария өзендерінен келетін су көлемі 15-20 пайзға азаяды. 

Себебі сол жылы Ауғанстан «Куштепа» каналын іске қосады. Тәліптер жобаны 2021 жылы бастаған. Қазір құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. 

Каналдың табаны бетондалмайды. Бұл судың жерге сіңу көрсеткішін жоғарылатып отыр. Демек жоғарыдан келетін су көлемі азаяды. Сол себепті Орталық Азия мемлекеттеріне Ауғанстанмен келісу арқылы тіршілік нәрін бөлуден басқа амал жоқ. Өйткені трансшекаралық өзенді пайдалануға олардың да құқы бар. 

Куштепаның көлемі 285 текше шақырымдық қойма болады. Бұл сумен Ауғанстанның 550 мың гектар алқабын суару көзделіп отыр. Бір ескеретін дүие, топырақтың 300 мың гектары дәнді дақыл егуге жарамсыз. Мамандар оған қанша су құйса да, дәнді дақыл шықпайды - деп отыр. Алайда оны тәліптерге дәлелдеп жеткізетін ешкім жоқ. Ауғандар барлық халықаралық ұйымдармен ат құйрығын кескен.

Вадим Соколов, «Аралды қорғау» қорының директоры:

- Құнарсыз жерге қанша су құйсаң да, ол жерге ештеңе шықпайды. Ауғандар ол көп су жұмсайды деген болжам бар. 10-12 куб шақырымға дейін тәршілік нәрін жаратуы мүмкін. Бұл дегеніміз қазіргі Әмудариядан келетін судың 15 пайызына тең. Бізде қазір клмитаттық өзгерістерге байланысты өзендердің деңейі төмендеді. Енді канал іске қосылса, тіптен қиындамақ. Біз оларға тосқауыл қоя алмаймыз. Ендігі міндет ауғандармен тығыз байланыс орнатып, осы мәселені бірге реттеу. 

2024 жылы су үнемдей алмайтын мемлекеттердің әлемдік рейтингісі жарияланды. Орталық Азия елдері тізімнің алдыңғы ондығынан көрінді. Көрсеткіш көңіл көншітпейді. Демек су үнемдеу мәдениеті бізде әлі қалыптаспаған. Әмудария мен Сырдария өзендерінің жыл өткен сайын арнасы тартылып, жоғарыдан келетін тіршілік нәрінің көлемі азайып барады. Климаттың өзгеруінен Тянь-Шань тауының мұздықтары жылдам еріп жатыр. Бұл екі өзенге құятын судың 25 пайызына тең.

Тахир Маджитов, Өзбекстандағы «Сушы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

- Суды әділ бөлу, оны тиімді пайдалануды реттейтін халықаралық бірлестік немесе қауымдастық керек. Осы орайда біз Арал комитетін құруды ұсынамыз. Тиісінше, оның жұмысы су шаруашылығы саласындағы басқару жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. 

Дулат Нуркин, тілші:

- Орталық Азия елдері үшін су мәселесі жыл өткен сайын күрделене береді. Себебі соңғы жиырма жылда тіршілік нәрі адам басына шаққанда 30 пайызға төмендеген. Ал аймақ елдерінің 70 процент су қоры трансшекаралық өзендердің еншісінде екенін ескерсек, болжамдар көңіл көншітпейді.