ТЖМ министрі Щучинскіде жарылыстан зардап шеккендермен кездесті
Щучинскідегі дәмханада жарылысына қатысты тергеумен жеті министрліктің комиссиясы айналысады.
Қайғылы оқиғадан кейін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі ведомствоаралық комиссия құрды. Оны осы сала министрі Шыңғыс Аринов басқарады. Бүгін ведомство басшысы Щучинск қаласына барып, жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын білді. Ведомство басшысы Шыңғыс Әрінов оқиға орнына аралап, төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарымен танысты. Министр оқыс оқиғадан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.
Сондай-ақ ол өрттен зардап шеккен азаматтар емделіп жатқан Бурабай ауданының ауруханасына да барды. Пациенттер әңгімелесіп, қазіргі жағдайын бағамдады. Министр зардап шеккендерді сапалы емдеп, тиісті күтім жасауды, сондай-ақ олардың отбасыларына қажетті психологиялық көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Ведомствоаралық комиссия жұмысы жалғасады.