Елордада «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті
Астанада халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті.
Ерекше романтикалық жоба жаңа Конституцияны қолдау мақсатында ұйымдастырылған. Сюжет желісі сауда орталығындағы күтпеген кездесуден басталды. Жас жігіт сүйіктісін жүздесуге шақырып, артынша оны күтіп отырып гитарамен әуен ойнайды. Әуезді қойылым көрерменге әсерлі мерекелік көңіл-күй сыйлады. Тамашалар тұрған тұрғындар жанды дауыстағы әуенді қосыла шырқап, бірге шаттыққа бөленді.