Ертең астаналық оқушылар онлайн форматта оқиды

Ертең елордада бірінші ауысымның оқушылары сабақты онлайн форматта оқиды. Сондай-ақ колледждің бірінші-екінші курс студенттері де қашықтан білім алады.

Бұл жайлы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Қазгидромедтің хабарлауынша, ертең жел күшейіп, күн суытады.