Павлодар облысында 26 адам қар құрсауынан құтқарылды

Павлодар облысында Маралды ауылының маңында 26 адам қар құрсауынан құтқарылды. Қолайсыз ауа райына байланысты жолда жүру қиындаған.

Боран, көктайғақ, қатты жел салдарынан жолда төрт көлікке көмек көрсетілді. Жолаушылар сапарларын қауіпсіз жалғастырды. Абырой болғанда, медициналық көмек қажет болмады. Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге алыс жолға шықпауға, күн райын бақылап, жолда барынша сақ болуға кеңес береді.