Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді

Оның 65-і облыс орталығында орналасқан. Халқы тығыз өңірде белсенділік ерекше байқалады. 1 млн 200 мыңға жуық адам дауыс беру құқына ие.

Жандос Жұмабек, тілші:

- Дауыс беру учаскелерінде таңнан бері халық қарасы үзілмеді. Алғаш рет дауыс беріп отырған жастар бастап, ұлттық киім киген ақ жаулықты әжелер қоштап, бұл жерге кешке дейін кімдер келіп дауыс бермеді. Түрлі сала өкілдерін айтпағанда, түйе мініп, тұлпар тақымдаған кокпаршылар да өз таңдауын жасап кетті. Олардан бөлек, "Тұран" футбол командасының ойыншылары, әскерилер, театр ұжымдары, робот трансформер және ертегі кейіпкерлерінің киімімен келген дауыс берушілер де көрдік. Біз қазір Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет үйінде орналасқан №133дауыс беру учаскесінде тұрмыз. Мұнда 2334 адам тіркелген. Дауыс берушілер арасында орта жастағы азаматтардың қарасы қалың. Байқағанымыздай жергілікті тұрғындардың көпшілігі түске дейін келіп, өз таңдауларын жасап кетті. Сондай-ақ мұнда наурыз мерекесі аясында дауыс берушілер арасында арқан тартыс, асық ату, қол күресі секілді ұлттық ойындар да көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады. Біз дауыс беру науқанының қалай өткені жайында учаске төрағасының пікірін білген еді.

Ермек Мәмбетаев, №133 учаскелік референдум комиссиясы төрағасының орынбасары

- Өңірдегі саяси науқанға барлығы 6 мыңнан астам комиссия мүшесі тартылды. Байқаушылар дауыс беру процесінің талапқа сай өтуіне назар аударып, учаскелердегі ұйымдастыру жұмыстарының заң аясында жүргізілуін бақылауда ұстады. Айта кетейік, бүгін қалада қоғамдық автобустар тегін қызмет көрсетті.