Референдум-2026: халықаралық байқаушылардың шараға берер бағасы қандай?
Халықаралық байқаушылардың референдумға қатысуы саяси науқанның ашықтығын қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарары сөзсіз.
Олай болса, мемлекеттік маңызы жоғары шараға әлемнің беделді ұйым өкілдерінің берер бағасы қандай?
Альберто Тюркстра, халықаралық байқаушы:
- Жаңа ғана өткен брифингте халықаралық ұйым өкілдері айтқандай, расымен де референдум жоғары халықаралық стандарттарға сай деңгейде өткізілді. Заңбұзушылықтар тіркелген жоқ. Өз басым, бүкіл отбасы мүшелерінің дауыс беруге келгенін көріп, риза болдым. Бұл жоғары азаматтық жауапкершіліктің барын аңғартады. Сәйкесінше, бұл дауыс беру нәтижесіне де оң нәтижесін тигізді.
Осман Местен, Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының комиссия төрағасы:
- Біз референдумның саяси мәдениет пен тыныштық және бейбітшілік жағдайында өткенін көрдік. Халықаралық құқық стандарттарына немесе Қазақстан заңнамасына қайшы келетін жағдайды байқамадық. Сондай-ақ халықтың бұл процеске белсене қатысып, дайындық кезеңінде де үлкен қызығушылықпен қолдау танытқанын көрдік. Референдумға қажетті құжаттарды біз бұл жерге келмей тұрып-ақ қарап шыққан едік. Қазақстанға келген соң министрлермен жеке кездесулер өткіздік. Парламент төрағаларынан, сайлау комиссиясынан және Сыртқы істер министрлігінің өкілдерінен алған мәліметтерімізге сәйкес, барлық дайындық жұмыстары заңнамаға толық сәйкес әрі өте жақсы ұйымдастырылғанына көз жеткіздік.