Жеміс шараптарына акциз салығы артуы мүмкін

Елде алма, алмұрт сынды жемістерден өндірілетін алкогольді сусындар шарап санатына кірмей, жоғары акциз салынатын өнім қатарына ауысуы мүмкін.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық Кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің отырысында айтылды. 

Жиында Еуразиялық экономикалық одақ аясында алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты жаңа техникалық регламент жобасы қаралды. Жауаптылар жаңа техникалық регламент қабылданған жағдайда отандық өндірушілерді қолдау мүмкіндігін қарастырып, ықтимал сұр схемаларды болдырмау жолын талқылады. Ол үшін бақылаушы органдар тарапынан жеміс шараптарын өндіруді қадағалау күшейтіледі.