Мемлекеттік қызметкерлерге қысым жасауға жол берілмейді

Бұдан былай мемлекеттік қызметкерлерге негізсіз қысым жасауға, дәлелсіз айып тағуға жол берілмейді. Мәжілісте «Мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасының бірінші оқылымы қаралды. 

Құжат 2024-2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын іске асыруға бағыталған. Яғни бұл мамандардың құқығын қорғау заң жобасының негізі бағыты болады. Әрі олардың әлеуметтік кепілдіктері артады. Сонымен бірге мемлекеттік қызмет толықтай халыққа қызмет ететін жүйеге айналмақ. Қызмет сапасы азаматтардың пікірі арқылы бағаланып, клиентке бағдарлану негізгі қағида болады. Сайланбалы қызметшілердің мәртебесі нақты айқындалып, олардың халық алдындағы жауапкершілігі күшейеді.

Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
-
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби тәуелсіздігіне берілетін кепілдіктер күшейтіледі. Оларға негізсіз қысым жасауға, араласуға, дәлелсіз айып тағуға жол берілмейді. Қызметшілерді құқықтық тұрғыдан қорғау – мемлекеттің міндеті. Бұл – адал әрі салмақты шешімдер қабылдаудың қажетті шарты.