СҚО-да ісмер әжелер бұйымдарын онлайн саудалайды
Солтүстік Қазақстандағы қолөнершілер бизнестерін дамыту үшін IT орталықта білім алып жүр. Бұл жерде үлкендер ғана емес жастарға да мүмкіндік мол.
Кейінгі буын өкілдері цифрлық технологиялардың көмегімен тың жобаларды жүзеге асырып жатыр.
Смирнов ауылының қолөнерші әжелері бос уақытын IT орталықта өткізеді. Бұл жерде жүннен киім тоқып, түрлі кәдесыйлар жасайды. Енді зейнеткерлер өз бұйымдарын әлеуметтік желіде жарнамалап, табыс көзіне айналдырмақ.
Нұржәмила Жемұрзина, Смирнов ауылының тұрғыны:
- Мұнда келген мақсатым – осылай істеп жатқан ісімді осы телефон арқылы көрсеткім келеді. Үйренгім келді. Мына кісі, міне, көрсетіп жатыр соны бізге. Қалай видеоға түсіру керек, қалай оны істеу керек, қалай жасау керек. Соның бәрін көрсетіп, үйретіп жатыр.
IT орталығының есігі жастарға да ашық. Виктор Малихтарович - заманауи композитор. Музыканы жанындай сүйетін оқушы жасанды интеллект арқылы ән жазады. Репертуарында 8 туынды бар.
Виктор Малихтарович, оқушы:
- Ән жазу үшін музыкалық аспаптардың керегі жоқ. Оның орнын жасанды интеллек толтырады. Сонымен қатар әр туындыны сайттарға салы сатуға болады.
Ауылдағы IT орталықта заманауи технологияларға негізделген 9 аймақ бар. Жергілікті тұрғындар өркениет игілігін асқан құштарлықпен меңгеріп, бос уақытын пайдалы өткізіп жатыр.
Дарья Калина, IT орталығының жетекшісі:
- Балалар робототехника, 3Д модельдеуді үйренеді. Сонымен қатар дронмен жұмыс істей алады. Қазір бағдарламалау жүйесін әзірлеп жатыр.
Өңірде креатив индустриясын дамыту жөнінде Digital Aimaq жобасы қолға алынған. Қазір облыс бойынша 12 заманауи IT орталық жұмыс істейді.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов