Қарағандыда коммуналдық кәсіпорындар тұтынушыларға 3 миллиардтан астам теңгені қайтарады

Қарағанды облысында тұтынушыларға 3 миллиардтан астам теңге қайтарылады.

Коммуналдық кәсіпорындар халықтан тариф арқылы ақша алғанымен уәде етілген жұмыс көлемін толық орындамаған. Табиғи монополияларды реттеу департаменті 18 коммуналдық кәсіпорынның осындай олқылықтарға жол бергенін анықтады. Енді ақша тұтынушыларға өтемдік тариф тетігі арқылы қайтарылады. Яғни коммуналдық қызмет ақысы бір жылға төмендейді.

Қымбат Бейсенов, табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:

- Барлық орындалмаған сомма 3 миллиард 100 миллион теңгені құрайды бүгінгі таңда. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда әжептәуір үлкен сома. Табиғи монополиялар субъектілерін жеке қарап айтатын болсақ, біріншіден ол газ тасымалдаушы «Әлемгаз» ЖШС 30 пайызға дейін тариф бектілді. Орташа өтемдік тариф бектілді. «Қарағанды су» ЖШС бар, 16 пайызға дейін тарифі төмендетілді.