Қостанайда Ұлыстың ұлы күні жан-жақты аталып өтілді

Қала орталығында 30-ға жуық киіз үй тігіліп, қазақтың қонақжай дәстүрін паш етті. Жиналған жұртқа бауырсақ, наурыз көже ұсынылды. Өнерпаздар ән-күйден шашу шашып, спортшылар өзара сынға түсті.

Көпшілікті әсіресе дәстүр мен инновацияны біріктірген киіз үйлер қызықтырды. Оның іші  жасанды интеллектінің көмегімен жабдықталған. Роботтар келген қонақтарды құттықтап, ән айтады. Одан қалды құлтемірлер асық ату, арқан тарту, аударыспақ сияқты ойын түрлерін көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда көшпелілер мәдениеті  замануй үлгіде таныстырылды. 

Әділет Оспанов, облыстық  Балалар техникалық  шығармашылық мектебінің педагогы: 

- Цифрландыру бағыты бойынша, бағдарламалау бағыты бойынша балаларды жаңа технологияға баулу және біздің тарихи құндылығымыздағы, ұлттық ойындарды дәріптеу болып табылады. Осы тұста балаларды тәрбиелеуде көптеген мағыналы, рухани мақсаттар жатыр.